Иранның ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі вице-президенті Хоссейн Афшин Иранның алпыс елге медициналық құрал-жабдық экспорттағанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Хоссейн Афшин Iran Health 2025 Халықаралық медициналық, стоматологиялық, фармацевтикалық және зертханалық жабдықтар көрмесінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Афшин жергілікті өндірушілердің Иранның білікті медициналық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтасуын үлкен мәртебе деп бағалады.
Хоссейн Афшин жергілікті медициналық техниканың экспорттық әлеуетіне тоқталып, өнім ішкі тұтыну стандарттарына сай болса, оны басқа елдерге де экспорттауға болатынын айтты.
Афшин медициналық құрал-жабдық саласындағы инновациялық қызметті қолдау бағдарламалары туралы айтып: “Бізде биылғы жылға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен медициналық жабдықтар секторы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған екі арнайы бастама бар”, -деді.
Iran Health 2025 — Ирандағы ірі медициналық шара. Көрме 8-11 маусым аралығында өтті.


















