Иран Телерадио ұйымының басшысы Пейман Джебели сионистік режим Иран Телерадио бірлестігі ұйымының (IRIB) ғимаратына шабуыл жасағаннан кейін мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, IRIB басшысы Пеймен Джебели жолдауында: «Мен Иранның құрметті халқына осыдан бірнеше минут бұрын Иран Телерадио бірлестігі (IRIB) сионистік дұшпанның аяусыз шабуылына ұшырағанын хабарлаймын.
Бұл шабуыл жаудың стратегиясы ұлттық БАҚ-ты нысанаға дәл алғанын көрсетеді.
Аяулы халқымыздың перзенттері отандық БАҚ-та айқын дауыспен «Сионистік дұшпан бастаған гибридті соғыста рөл атқаруға деген жігеріміз еселеп артты. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күпірлік майданды жеңу жолындағы ерік-жігерімізде ешқандай әлсіздік болған жоқ» деп мәлімдейді» деді.
Кеше Израиль Иран Ислам Республикасының Мемлекеттік телерадиокомпаниясының әйнек ғимаратына шабуыл жасады















