Иран Израильдің Хайфа қаласының маңындағы Базан мұнай өңдеу зауытын нысанаға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның дәл тиген зымыран шабуылынан үш адам қаза тауып, ғимараттан өрт шықты.
9-шы телеарнаның мәліметінше, қаза тапқандар әуе шабуылы туралы ескертуден кейін баспанаға жетуге тырысқанымен, үлгермеген.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірілгеннен кейін үйінділерді бірнеше сағат бойы тазартқанымен, адамдарды құтқару мүмкін болмаған.
Телеарнаның хабарлауынша, қақтығыстың соңғы төрт күнінде бұл Иран зымыранының Израильдің ең ірі энергетикалық инфрақұрылымына бірінші рет тікелей тиюі емес.
Айта кетейік, Хайфадағы мұнай өңдеу зауыты күніне 200 мың баррель мұнай өндірген.
Израильдің Хайфа қаласының маңындағы Базан мұнай өңдеу зауытының барлық қызметі Иранның шабуылынан кейін тоқтатылды.
















