Израиль Иран аумағына зымыранмен шабуыл жасаған сәттен бастап, Иранның аспаны әлі жабық.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің ақпарат хатшысы Маджид Ахаван мәлімдеді.
Ахаван мәлімдемесінде басқыншы сионистік режимнің жабайы шабуылдарының басынан бастап ел аспаны жолаушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында жабылғанын, Иран аспанына толық тыныштық оралғанға дейін жабық күйінде қалатынын хабарлады.
Ахаван: «Иранның әуе кеңістігінде жолаушы тасымалы, кез келген шетелдік жолаушы ұшағының елдің әуе кеңістігіне кіруі және елдің әуе шекарасы мен әуежайлары арқылы шетелге ұшып шығуы немесе ел ішінде жолаушылардың әуе қозғалысы туралы кез келген қауесет өтірік. Мұндай хабарды таратқандар қазіргі қысылтаяң жағдайда қоғамдық пікірді бұзғаны үшін тиісті органдар тарапынан жауапқа тартылады» деді.
Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің ақпарат хатшысы елінің халқын әуежайлар мен әуе рейстерінің қозғалысына қатысты жаңалықтарды тек Жол және қала құрылысы министрлігі мен Иран Телерадио корпорациясы арқылы ғана қадағалап, осыған байланысты өсек-аяңға мән бермеуге шақырды.












