Иран Тель-Авивтегі Моссадтың штаб-пәтеріне соққы жасағаннан кейін Израильдің лаңкестік операциялар мен шабуылдарын жоспарлау орталығы өртке оранды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ислам революциясы Сақшылар корпусы мәлімдеді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі жариялаған мәлімдеме мәтіні төмендегідей:
Аса қамқор, мейірімді Алланың атымен!
Кімде-кім саған қастандық жасаса, сен де саған жасалған қастық сияқты, оны соның өзіне істе. Бақара сүресі (194-аят).
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері Алла Тағаланың көмегімен бүгінгі сейсенбі, 17 маусым күнінің алғашқы сағаттарында заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қарамастан, операция барысында сионистік режимнің AMAН деп аталатын әскери-барлау құрылымдарының штаб-пәтері мен Тель-Авивтегі Моссадтың лаңкестік операциялары мен шабуылдарын жоспарлау орталығына соққы берді.
Бұл орталық қазір өртке оранды.


















