БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Иранға қарсы басқыншылықты тікелей айыптауы керек.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әли Бахрейни мәлімдеді.
Әли Бахрейни БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясы барысында сөйлеген сөзінде сионистік режимнің Иранға қарсы жуырда жасаған әскери соққысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, Израильдің бұл әрекетін басқыншылық пен БҰҰ Жарғысын бұзудың айқын мысалы деп атады.
Иранның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі баяндамасында: “Израиль режимі 13 маусым, жұма күнге қараған күннен бері біздің елімізге қарсы ауқымды және алдын ала жоспарланған әскери шабуыл жасады.
Олардың шабуылы жүздеген бейбіт тұрғынның, соның ішінде әйелдер мен балалардың қаза болуына, азаматтық инфрақұрылымдардың, соның ішінде ауруханалардың жаппай жойылуына әкелді.
Бұл ашық шабуылдар БҰҰ Жарғысының 4-бабының 2-тармағын тікелей бұзу болып табылады.
Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясының 3314 қарарында баяндалған “агрессия қылмыстары” анықтамасына толық сәйкес келеді”,- деді.



















