Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы, бригада генералы Абдолрахим Мусави Израильден кек алу операциясы жақын арада басталатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы, бригада генералы Абдолрахим Мусави осы уақытқа дейін жүргізілген әскери операциялар тек ескерту болғанын, жазалайтын сәттің енді келгенін мәлімдеді.
Мусави сейсенбі күні кешке видео үндеу жасап: “Сионистік режим Иран халқына, әйелдерге, балалар мен қарттарға шабуыл жасады.
Израиль халықаралық құқықтың нормаларын елемей, Газа секторы мен Ливанда 300 журналистті өлтірді. Олар осы басқыншы қылмыстарын жалғастырып, шындықтың үнін өшіру мақсатында Иран Ислам Республикасының БАҚ қызметкерлері мен Телерадио бірлестігі ұйымының ғимаратын нысанаға алды.
Тарих көрсеткендей, Иранның ұлы халқы ешқашан қысым мен басқыншылыққа бас иген емес және олар сионистік режимнің қылмыстарына қатаң жауап береді.
Отандастарымыздың, ғалымдарымыз бен қолбасшыларымыздың қазасы еліміздің қарулы күштерінің қатаң жазалау туралы бұйрықты орындаудағы жігерлерін күшейтетіні сөзсіз”, — деді.
















