Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында АҚШ-мен конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына 10 шілдеде жолдаған жауапта жазды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде Америка Құрама Штаттарымен әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ Қазақстанға қарсы 25 пайыздық өзара сауда баж салығын енгізетіні туралы хабарды әлеуметтік желіде жариялаған болатын.












