Қытай Сыртқы істер министрі Ван И елі мен Еуропалық Одақ бір-біріне бәсекелес емес, серіктес болуы керектігін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ван И Бейжіңде Мальта Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Иан Боргпен кездесуінде мәлімдеді.
Қытай Сыртқы істер министрі кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты сауда, туризм және білім беру салаларында нығайту керектігін қуаттады.
Ван И тараптар Қытай мен ЕО арасындағы қарым-қатынаста бәсекелестікті емес, серіктестікті көруі керектігін айтып, ЕО-мен диалог пен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.
Борг екі ел арасындағы келіспеушілікті диалог пен кеңесу арқылы шешу қажеттігін айтты.
Қытай мен ЕО дипломатиялық қарым-қатынастың 50 жылдығына орай осы айда саммит өткізуді жоспарлап отыр. Шара шілде айының соңғы аптасында Қытайда өтеді.


















