Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи Израильдің Палестина халқына қарсы жалғастырып жатқан қылмыстарын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи соңғы 24 сағатта жүзден астам бейбіт тұрғынның өмірін қиған сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарының күшеюін айыптады.
Бақайи Израильдің Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек кіргізудегі шектеулерін, шатырлы лагерьлер мен қоныс аударғандарға арналған орталықтарды бомбалау арқылы адамдарды су мен азық-түліктен қасақана айыруын Палестина халқына қарсы жасалған геноцидті жалғастыру жоспарының бір бөлігі ретінде жасалған аяусыз әскери қылмыс деп атады.
Айта кетейік, сионистік режимнің 15 мамыр күні Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар арасында Палестина автономиясының заң шығарушы кеңесінің мүшесі Мохаммад Фарадж әл-Гул, палестиналық атақты қари Ала Аззам мен оның отбасы бар.


















