Сионистік режим Газа секторын бомбалауы мен халық арасында жасанды аштық тудыру саясатын 661-ші күн жалғастыруда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскері Газа секторында бейбіт тұрғындарды өлтіруді жалғастыруда.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы сағаттарда 88 палестиналық қаза тауып, 374 адам жараланған.
Палестина БАҚ-ның хабарлауынша, Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласының батысындағы әл-Йабани және әл-Маваси аудандарында екі тұрғын үй мен босқындар шатырына жасалған шабуылдар салдарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам жараланып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Олардың көпшілігі — балалар.
Газа секторына жексенбі күні 73 гуманитарлық жүк көлігі және сектордың солтүстік және оңтүстік бөліктеріне 20 азық-түлік пакеті әуеден жеткізілді.
Халықаралық агенттіктер гуманитарлық көмектің жеткіліксіз екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.
Израиль соғыс басталғаннан бері Газа секторына гуманитарлық көмекті шектеу саясатын ұстанып келеді.
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің шабуылдары салдарынан 59 800-ден астам адам қаза тапты. Олардың көпшілігі — әйелдер мен балалар.




















