Ресейдің “Аэрофлот” әуе компаниясы 6 тамыздан бастап Мәскеуден Тегеранға рейстерді қайта бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, “Аэрофлот” әуе компаниясы тамыз айында Мәскеуден Тегеранға рейстерді қайта қалпына келтіреді.
Ұшу 6 тамызда басталып, аптасына бір рет, сәрсенбі күндері, 12 қыркүйектен бастап аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Рейстерді Airbus A321 ұшағы жүзеге асырады.
“Аэрофлот” әуе компаниясы 10 шілде күні Иран астанасы Тегеран қаласының әуежайындағы шектеулердің ұзартылуына байланысты Мәскеу мен Тегеран бағытындағы әуе рейстерінің тоқтатылатынын хабарлады.
Ислам Республикасының авиациялық әкімшілігі Тегеран әуежайындағы шектеулерді 1 тамызға дейін ұзартып, жолаушыларға ақшаны қайтару немесе билетті кейінгі күндерге қайта рәсімдеуді ұсынды.
“Аэрофлот” 3 шілде күні Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты рейстердің 10 шілдеге дейін тоқтатылатынын хабарлады.
Ислам Республикасының әуе кеңістігі атысты тоқтату туралы келісімнен кейін 25 маусымнан бастап біртіндеп қайта ашыла бастады.


















