Еуропа елдерінің Палестина мемлекетін мойындаудағы дипломатиялық ұстанымдары олардың мүдделеріне байланысты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің халықаралық бизнес кафедрасының доценті, сарапшы Игорь Матвеев ИРНА агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Тілші: Палестинаны мойындауға ниетті Еуропа елдерінің саны артып келе жатқаны туралы пікіріңіз қандай?
Матвеев: Палестина мемлекетін мойындауға ниетті Еуропа елдері санының артуы Израиль мен Палестина қақтығысына қатысты Еуропалық Одақтағы, жалпы Еуропадағы тарихи алауыздықты көрсетеді. Бұл тұрғыда жаңа ештеңе жоқ.
Дегенмен, Израиль Кнессетінің Батыс жағалауды аннексиялау туралы жуырдағы біржақты шешімі триггер болуы мүмкін. Еуропа елдері саяси ұпай жинау мақсатында өз ұстанымдарын нақтырақ көрсетуде. Бұл қадамдардың барлығы негізінен декларативті сипатқа ие.
Тілші: АҚШ Президенті Трамп Франция Президенті Эммануэль Макронның Палестинаны мойындау мәселесіне қатысты ұстанымына қатаң жауап бермеді. Бұл Макронның ұстанымы Париж, Вашингтон және Тель-Авив арасындағы жасырын шешімнің нәтижесінде қабылданғанын білдіре ме?
Матвеев: Менің ойымша, Дональд Трамп Израиль мен Палестина қақтығысы төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуінен аулақ болғысы келеді. Макронның бұған қатысы жоқ. Трамп өзін бітімгер ретінде көрсетеді. Нетаньяху жуырда оны бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынғанын айтты. Оның үстіне, қазір аймақтағы жағдайдың күрт шиеленісуі Вашингтон үшін үлкен шығын әкелуі мүмкін.
Еуропалықтар АҚШ-мен сауда жасауда өздеріне тиімсіз шарттарды қабылдады. Бұл да оның бұл мәселеде ұстамдылығының ықтимал себебі.
Үшіншіден, Трамп Украинаға америкалық қару-жарақ сатып алуда ақы төлеу үшін еуропалықтарға қысым жасауда. Францияның өзінің әскери-өнеркәсіптік кешені бар. Олар бұған қарсы. Трамп Макронды тағы ашуландырғысы келмейді.
Тілші: Еуропа елдерінің Палестинаны мойындау туралы шешімі оларға қандай пайда әкеледі?
Матвеев: Палестина БҰҰ-ның толыққанды мүше мемлекетіне айналмайынша, Еуропа елдерінің палестиналықтар үшін емес, өз мүдделеріне бағытталған бұл дипломатиялық ұстанымдары мен қадамдары нақты пайда әкелмейді. Мен бұл туралы бірінші сұраққа жауап бергенде да айттым.



















