АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға айғайлады.
Еуразия Тудейдің NBC ақпарат дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефон арқылы сұхбатта «Газа секторындағы жаппай ашаршылық туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» деп қуаттаған кезде оған айғайлаған.
Нетаньяху телефон арқылы сөйлескенде Трампқа Газадағы жаппай ашаршылық туралы ақпараттың жалған екенін, оны Палестина қозғалысы ХАМАС ойдан шығарғанын айтты.
Трамп Нетаньяхудың сөзін бөліп, ашаршылық дегеннің жалған екенін естігісі келмейтінін, оның көмекшілері оған балалардың аштан өліп жатқаны туралы дәлелдер көрсеткенін айтып, айқайлай бастаған.
Айта кетейік, Газа секторындағы гуманитарлық апатқа қатысты келіспеушілік 28 шілдеде болған.












