Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Израильдің Газа қаласын басып алу жөніндегі шешімін қатаң түрде айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы бұл жөнінде кеше, жұма күні мәлімдеме жасады.
Ұйымның мәлімдемесінде: “Біз Израиль басқыншы билігінің Газа секторын басып алып, бір миллионға жуық палестиналықты мәжбүрлеп көшіру туралы шешімін қатаң түрде айыптаймыз”,-деп жазылған.
Сонымен қатар, Газа қаласын басып алу 900 мыңнан астам палестиналықты қаладан Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласының батысында орналасқан әл-Маваси аймағына қоныс аударуға әкелетіні айтылған.
Айта кетейік, Израильдің қауіпсіздік кабинеті бейсенбі күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Газа қаласын бақылауға алу туралы жоспарын мақұлдады.



















