Аваза ұлттық туристік аймағында Түрікменстан, Әзірбайжан және Өзбекстан президенттерінің үшжақты саммиті өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 2025 жылы 22 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен Түркіменстанға жұмыс сапарымен келді.
Әзірбайжан-Түркіменстан-Өзбекстан форматындағы саммит Орталық Азия мен Каспий теңізінде маңызды геосаяси жағдайға ие үш елдің экономикалық байланысы мен ынтымақтастығын нығайтуға арналған.
Тараптар көлік дәліздерін дамыту, энергетикалық ынтымақтастық, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Саммит аясында екіжақты кездесулер мен келіссөздер де жоспарланған.












