Иранның еуропалық үш мемлекет және Еуропа Одағымен келіссөз келесі аптаның сейсенбі күні 26 тамызда Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде жалғасады.
Еуразия Тудейдің Иран СІМ Телеграм арнасындағы мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Еуропаның үш елінің сыртқы істер министрлері мен Еуропалық Одақтың сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сұхбатта келісті.
Сұхбатта Иран Ислам Республикасының snapback тетігі деп аталатын ұстанымы және Еуропаның үш елі мен Еуропа Одағының осыған байланысты жауапкершілігі түсіндіріліп, Иран Сыртқы істер министрі бұл елдердің жоғарыда аталған механизмге жүгінудегі құқықтық және моральдық біліксіздігін қуаттап, мұндай әрекеттің салдары туралы ескертті.
Осы телефон арқылы сұхбатта еуропалық үш мемлекет пен Еуропа Одағының Жоғарғы өкілі еуропалық елдердің дипломатиялық шешім жолын табуға дайын екенін тағы баса айтты.
















