Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.
Бұл туралы Телеграм арнасында мәлімдеме жарияланды: «Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді».
Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйекте Израиль Катар астанасы Дохада ХАМАС саяси бюросының мүшелері тұрған ғимаратты нысанаға алды.












