Ақордада елімізге келген Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедиді ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Айта кетейік, Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен келді. Сапар 9-10 қыркүйек күндеріне жоспарланған.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады.












