Ресей Энергетика министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері жақын арада президент Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Тегеранға барып, газ экспорты туралы келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали Iran Plast көрмесінің ашылуында мәлімдеді.
Джалалидің айтуынша, Иран президенті Масуд Пезешкианның Қытайға жақында жасаған сапарында Владимир Путинмен кездесіп, келіссөз жүргізгеннен кейін Ресей Энергетика министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері Тегеранға барады.
Елші сапардың энергетика саласындағы келісім жобасын аяқтауға бағытталғанын айтып: “Егер өзара түсіністікке қол жеткізілсе, жобаның бірінші кезеңі пилоттық режимде бірнеше ай ішінде іске қосылады. Одан кейін қажет инфрақұрылымға бірлескен инвестиция салынады”, — деді.
Джалали келісімнің орындалуы ресейлік газ транзитіне жол ашып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа тарауын бастайтынына үміт білдірді.
Иран бірегей географиялық және геоэкономикалық жағдайына байланысты аумағын Ресей газының сенімді экспорты және транзитімен қамтамасыз ете алады.
Себебі, Иранның айналасында Пәкістан, Ирак, Түркия және Ауғанстан сияқты халқы көп елдер орналасқан. Сонымен қатар, Иран Оман шығанағы мен Үнді мұхитының жағалауында орналасқан. Бұл газды сұйытылған табиғи газ инфрақұрылымын құру арқылы Үндістан мен Шығыс Азияға экспорттауға мүмкіндік береді.
















