Иран Сыртқы істер министрлігі Израиль режимінің кеше сәрсенбі күні Йеменнің инфрақұрылымдары мен тұрғын аудандарына жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің Иран СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Теһран халықаралық қауымдастықты осы режимнің соғысқұмарлығын тоқтату үшін әрекет етуге шақырды.
Иран СІМ мәлімдемесінде: «Сионистік режимнің басып алынған Палестинада жалғасып жатқан геноцид пен жазықсыз адамдардың қырылуының тұсында орын алған аймақ елдеріне қайта-қайта басқыншылық жасауы әлемнің қабылданған нормативтік және құқықтық негіздерін күйретіп қана қоймай, сонымен қатар моральдық және адами барлық қағидалар мен стандарттарды бұзды», — деп жазылған.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Йемен халқының езілген Палестина халқымен ынтымақтастығын қуаттап, сионистік режимнің әскери басқыншылығы кезінде бейкүнә йемендік балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Сондай-ақ сионистік басқыншы режимнің экспансионизмі мен соғысқа итермелеуіне қарсы тұру үшін ислам елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы қажеттігін баса айтты.












