Иран президенті Масуд Пезешкиан ел экономикасы мен дамуы тек мұнай сатуға тәуелді болмауы керектігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан әркім өзіне сеніп, өз мүмкіндіктерін түсінсе, елде үлкен істер атқарылатынын мәлімдеді.
Пезешкиан бұл туралы кеше, бейсенбі, 11 қыркүйек күні Ардебилге бір күндік сапары барысында провинцияның инвесторлары мен экономикалық белсенділерімен кездесуінде айтты.
Иран президенті шарада сөйлеген сөзінде: “Сіздер экономикалық белсенділер, отандық тауар өндірушілер мен инвесторлар елдің дамуы мен ілгерілеуінде маңызды рөл атқарасыздар. Егер сіздер өздеріңізге сенсеңіздер, маңызды нәрселерді жасай аласыздар. Үкімет осы жолда кез келген ынтымақтастыққа дайын әрі сіздердің қызметтеріңізге қолайлы жағдай жасау үшін кедергілерді жоюға тырысады.
Біз өз халқымызға, отандық өндірушілерге, сарапшыларға және провинцияның мүмкіндіктеріне сенуіміз керек. Біз бірге болсақ, күшпіз. Біреу бізге көмек қолын созған жағдайда “Неге біз үлгі болмауымыз керек?” деген мәселе туындайды. Біз оларға қол ұшын беріп, көмектесуіміз керек. Егер осылай ойласақ, біз дами аламыз”,- деді.
















