Катар Премьер-министрі Мохаммад Бин Абдулрахман ал Тани Израильдің Дохаға шабуылы халықаралық жүйені әлсіреткенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің әл-Жазира агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Катар Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мохаммад Бен Абдолрахман ал Тани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ХАМАС делегациясы тоқтаған мекенге Израиль жасаған қылмысты шабуылын айыптаған мәлімдемесін құптайтынын мәлімдеді.
Катар Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Израильдің шабуылы мектептер, елшіліктер мен тұрғын үйлерді қамтитын халық тығыз орналасқан аймақта болғанын айтып: «Мен Қауіпсіздік Кеңесінде бұл агрессияның халықаралық жүйені әлсіреткенін қуаттадым. Біз гуманитарлық және дипломатиялық рөлімізге, Катардың егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау құқығымызға адалдығымызды баса айттық», — деді.












