Маңғыстау түбегіндегі жерасты бес мешіті — Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енеді.
Еуразия Тудейдің Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бүгін, 22 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен «Маңғыстау түбегінің жартас мешіттері» ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес өңірдегі бес жерасты мешітін – Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттерін халықаралық тізімге енгізу жұмыстары талқыланды.
Аталған ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттар әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жолданды. Сонымен қатар қорғау аймақтары айқындалып, ақпараттық тақтайлар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды.
Миссия аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді.












