Шаһриар — Иранның ірі лирик ақындарының бірі.
«Шаһриар» деген атпен танымал Сейед Мохаммад Хосейн Беһджат — 1906жылы Табриз қаласында дүниеге келіп, 1988 жылы көз жұмған ирандық лирик шайыр. Ол өзінің өтініші бойынша осы қаладағы «Шайырлар» зиратында жерленген.
Шаһриар әзірбайжан және парсы тілдерінде өлең жазды.
600 жыл бұрынғы Хафиз Ширазиден кейінгі Шаһриардың лирикалық поэзиясы Иран поэзиясының шыңы саналады. Ана тілі әзірбайжанша жазған «Гейдар баба» поэмасы да оны халықаралық деңгейде атақ-даңққа бөледі.
Қыркүйектің он сегізі Иранда «Парсы поэзиясы» күні деп аталған.


























Discussion about this post