Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон бүгін 29 қыркүйекте Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің басшылары Тәжікстан-Ресей екіжақты қарым-қатынасын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.
Мемлекеттер басшылары сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтағы жоғары деңгейдегі алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Айта кетейік, Путин мен Рахмон 1 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында кездесті.
Еске салайық, мұның алдында Ресей Президенті Владимир Путиннің 9 қазанда Тәжікстанға мемлекеттік сапармен баратынын Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин хабарлады.
















