Президент Масуд Пезешкиан Иран Ислам Республикасының Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылуы туралы заңды (CFT) жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, президент Масуд Пезешкиан Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында мақұлданған Иран Ислам Республикасының лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға (CFT) қосылуы туралы заңды жариялады.
Иран жүйесінің мүддесін анықтау алқасы қазанның 29-ындағы отырысында Иранның CFT конвенциясына шартты түрде қосылуын мақұлдады. Жүйені анықтау алқасының баспасөз хатшысы Мохсен Дехнави Иранның CFT конвенциясына қосылу шарттарын түсіндіріп: «Мәжіліс Иранның лаңкестікті қаржыландырумен күресу туралы конвенцияға қосылуы туралы заң жобасын бекіту үшін шарт қойып, осы конвенцияның ережелерін орындайтынын мәлімдеді» деді.
Дехнавидің айтуынша, алқаға Ислам республикасы өз Конституциясы мен ішкі заңдары аясында осы конвенцияны сақтайтын тағы бір шарт қосылды.
Ол: «Сәйкесінше, осы конвенцияның қандай да бір ережелері Ислам Республикасының ішкі заңдарына қайшы келсе, Ислам Республикасының ішкі заңдары әрекет етудің критерийі болады»,- деді.
Сондықтан Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы осы екі шартпен Иранның лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенцияға қосылуына келісті.
















