Иран Президенті Масуд Пезешкиан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттерді аймақта тұрақты қауіпсіз жүйе құру үшін талпыныс жасауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті Масуд Пезешкиан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттерді тұрақтылық пен экономикалық өсімді ілгерілететін біртұтас және тұрақты аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру үшін талпыныс жасауға шақырды.
Иран Президенті бұл туралы кеше сейсенбі күні Тегеранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің ішкі істер министрлерінің кездесуінде айтты.
Пезешкиан Тегеранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының төртінші министрлік кездесуінде сөйлеген сөзінде ұйымды ондаған жыл бойы бірлескен күш-жігердің, синергияның және мүшелері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесі деп сипаттады.
Пезешкиан: «Аймақтағы экономикалық табыс күшті, болжамды және төзімді құрылымдарды құруға байланысты», — деді.
Ол сонымен қатар Орталық Азия, Кавказ, Оңтүстік Азия, Батыс Азия және Парсы шығанағы елдерін үйлесімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және дамуға бағытталған қауіпсіздік архитектурасын қабылдауға шақырды.
Айта кетейік, ЭЫҰ-на мүше елдердің ішкі істер министрлерінің кездесуі осы күндері Тегеранда өтті.
















