Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Иранға қарсы енгізілген халықаралық санкциялардың жойылуына үміт білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Иранға қарсы салынған халықаралық санкциялар алынып, Арменияның бұл елмен қарым-қатынас әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік туатынына сенім білдірді.
Мирзоян бұл туралы “Орбели 2025. Бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастық орнату” атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде айтты.
Армения Сыртқы істер министрі: “Иранмен достығымыз өте маңызды. Ештеңе бұл достыққа нұқсан келтіре алмайды. Мен Арменияда Иранмен қарым-қатынасты дәл осындай бауырластық пен тату көршілік жағдайында жалғастырмайтын үкімет бар екенін елестете алмаймын. Бірақ халықаралық санкциялар бар. Біз оларды айналып өткен жоқпыз және ешқашан айналып өтпейміз.
Біз барлық халықаралық әріптестерімізге, соның ішінде Иранға қарсы санкция салған елдерге де ашық әрі адал қарым-қатынастамыз. Ешкімді алдамаймыз. Өкінішке қарай, бұл санкциялар, Иранмен біздің сауда-экономикалық байланысымызды шектейді.
Мен бұл санкциялар алынып, Иранмен қарым-қатынасымыздың бар әлеуетін пайдалануға мүмкіндік туады деп үміттенемін. Осы шектеулерге қарамастан, Иранмен өте белсенді экономикалық қарым-қатынастамыз. Байланыс жалғасады”, — деді.
Арарат Мирзоян қазіргі уақытта Армения мен Иран арасындағы қарым-қатынас іс жүзінде стратегиялық әріптестік деңгейінде екенін, алайда екі тарап та бұл байланысты ресми деңгейге көтеруге дайын екенін баса айтты.



















