Ислам революциясы Сақшылар корпусы реактивті қозғалтқышы бар жаңа Shahed-161 ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ирандық мамандар Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің жетістіктері көрмесінде ұшқышсыз ұшу аппаратының қозғалтқышын іске қосты.
Бұл ұшқышсыз ұшу аппараты “ұшатын қанат” схемасы бойынша жасалған.
Shahed-161 радиусы 150 шақырым, ал ұшу ұзақтығы екі сағатты құрайды. Жаңа Shahed-161 дронының максималды ұшу биіктігі 8 шақырымға жетеді.
Аппараттың негізгі мақсаты барлау, бақылау және алдын ала барлау болып табылады. Бұдан бөлек, оны шекараны патрульдеу бағытында қолдану жоспарланып отыр.
Сондықтан оған пайдалы жүктеме ретінде оптикалық барлау жүйесін орнатуға болады.
Shahed-161 ұшқышсыз ұшу аппараты алғаш рет осыдан бірнеше жыл бұрын таныстырылған. Алайда ирандық ғалымдар мен инженерлер құрылғыны жетілдіруді және жаңа инновацияларды енгізуді жалғастырды.
Сондай-ақ, көрмеде ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаңартылған нұсқалары, соның ішінде жаңғыртылған Shahed-131 және Shahed-238 көрсетілді.
















