Иран мен Қатар өкілдері екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, аймақтағы соңғы оқиғалар жөнінде пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәни телефон арқылы сұхбат барысында айтты.
Сұхбат барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын қуаттады.
Иран мен Қатар Сыртқы істер министрлері Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдіріп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында аймақтағы елдердің нақты қадамдар жасауларының маңыздылығын атап айтты.
Тараптар сондай-ақ Газа секторындағы соңғы жағдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде Америка Құрама Штаттары ұсынған қарар жобасын талқылады.
















