Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Каир келісімінің ресми түрде тоқтатылғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арақчи мәлімдемені кеше бейсенбі күні АҚХА Басқарма кеңесі АҚШ және еуропалық үш елдің қысымымен Иранға қарсы қарарды мақұлдағаннан кейін жариялады.
Арақчи АҚХА Басқарма кеңесі Ираннан агенттікпен ынтымақтастығын кеңейтуді, байытылған уран қорлары мен бомбаланған ядролық нысандарының жай-күйі туралы дереу хабарлауды талап еткен, оны Франция, Ұлыбритания, Германия және Америка Құрама Штаттары қолдаған қарар қабылдағаннан кейін Каир келісімінің күші жойылғанын хабарлады.
Құжатты он тоғыз ел қолдап, Ресей, Қытай және Нигер қарсы дауыс берді. Бразилия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Египет және Таиландты қоса алғанда12 ел қалыс қалды.
Арақчи Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Басқарма кеңесінде еуропалық үш ел мен Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы заңсыз және негізсіз ұсынған қарардың осы төрт елдің қысымымен және 3 мүшенің теріс дауыс беруі және 12 мүшенің қалыс қалуына қарамастан мақұлданғанына реакция білдіріп: «Бұл елдер осы әрекетімен және Иранның ынтымақтастығы мен ізгі ниетін елемеуі арқылы Агенттіктің беделі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, Агенттік пен Иран арасындағы әрекеттестік пен ынтымақтастық үдерісін бұзып жатыр.
Еуропалық үш елдің БҰҰ-да Қауіпсіздік Кеңесінің күші жойылған қарарларын қалпына келтіру бойынша заңсыз әрекетінен кейін Каир келісімі енді Иран мен Агенттіктің қарым-қатынасында негіз болмайды.
Бүгін Агенттіктің бас директорына жолданған ресми хатта келісімнің күшін жойғаны және аяқталған болып саналатыны жарияланды», — деп баса айтты.
Иран СІМ баспасөз өкілі Исмаил Бақайи да Al Jazeera арнасына берген сұхбатында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің әрекеттерінен кейін Каир келісімінің құнын жоғалтқанын баса айтты.
Ол сөзінің жалғасында: “Каир келісімінің мақсаты шиеленісті азайту болғанымен, қазір жағдай өзгерді”, — деді.
Бақайи Каир келісімі Иранға кепілдік беруі керек болғанын айтып: “Америка Құрама Штаттары мен Израиль Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен біздің ядролық нысандарымызға шабуыл жасады”, — деді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иран өкілі Реза Наджафи АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында Иранға қарсы қарардың қабылдануына қатысты сөзінде Иранның бұл қарарға міндетті түрде жауап беретінін қуаттап, оны саяси мақсаттарға и және біржақты деп атады.
АҚХА-дегі Қытайдың тұрақты өкілі Ли Сонг Басқарума кеңесінің отырысында Иранға қарсы тұру шешімін мәжбүрлеп ұсыну жағдайды одан сайын ушықтыратынын мәлімдеді.
Қытай дипломаты Иранның ядролық мәселесін тек Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) қатысушысы ретіндегі ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға деген заңды құқығын толық құрметтеу, сонымен бірге оның ядролық бағдарламасының бейбіт сипатын қамтамасыз ету арқылы ғана дұрыс шешуге болатынын қуаттады.
Басқарма кеңесінің отырысында Ресей өкілі Ромен Устинов еуропалық үш ел мен Америка Құрама Штаттарының Иранға қарсы бүлдіргі мақсаттарды көздейтінін айтып: «Ұсынылған қарар жобасы қазіргі мәселенің түпкі себебін, Америка Құрама Штаттары мен Израильдің басқыншылығын мүлдем назарға алмаған», — деп мәлімдеді.
Еске салайық, үстіміздегі жылғы 2 шілдеде Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚХА-мен ынтымақтастықты тоқтата тұру туралы заңды іске асыру туралы жарлық шығарды.
Осыдан кейін Иран билігі АХҚА-нің барлық инспекторынан Ираннан кетуді талап етті. Маусым айының соңына қарай Гросси қауіпсіздік мақсатында агенттіктің барлық қызметкерін Ираннан шығаруға мәжбүр болды.
Айта кетейік, 2025 жылғы 9 қыркүйекте Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мен Иран сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Мысыр астанасында Иранда Агенттіктің қызметін қалпына келтірудің жалпы практикалық механизмі туралы келісімге қол қойып, серіктестікті қайта бастаған болатын. Сол құжат Каир келісімі деп аталды.












