Ауғанстанда Талибан үкіметінің орнатылуымен осы елдің халқы ең алдымен «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю» деп аталатын 1990 жылдардағыдай патрульдік тексеріске алаңдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Талибан жетекшісі былтыр «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыятын» заңын Ханафи мазхабы негізінде бір кіріспе сөз және төрт тарау мен отыз бес бап түрінде жариялады. Соның негізінде Ауғанстанның жер-жерінде патрульдердің жұмысы басталды.
Талибан «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыятын» заңды өз билігінің негізгі және маңызды тіректерінің бірі санайтындықтан оны түрлі салада жүзеге асыруды қатты қуаттайды. Алайда Талибанның кейбір жетекшілері, әсіресе біраз уақыт шетелдерде, әсіресе Қатарда болғандар «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю» заңына қатысты жұмсағырақ көзқарасқа ие.
Ауғанстан халқы билік елдің қазіргі жағдайдағы әлеуметтік шындығын қабылдап, қоғамның алауындық қалайтын талапшыл халқымен 1990 жылдардағыдай қатынас жасамауы керек деп санайды.
Дегенмен қоғамдық ахлақ саласында адамдарға қатаң қатынас көрсетуі Талибан үкіметіне қоғамдағы ең қарапайым мақсаттарына жетуге кедергі келтіреді.
Аағанстан халқының басым көршілігі мұсылман екенін, олардың ислам заңдарына бағынатынын ескерсек, әйелдерге пәрәнжә кигізу немесе қыздарды сабақ оқудан мақұрым ету сияқты қатаң жағдайларды Ауғанстан халқының көпшілігі қабылдамайды.
















