Иран өкілі Халықаралық қылмыстық сотқа қатысушы мемлекеттер Ассамблеясының Гаагадағы отырысында біржақты санкцияларды адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының делегациясын бастап барған осы елдің Сыртқы істер министрлігінің халықаралық құқық басқармасының Бас директоры Аббас Бақерпур Гаагадағы отырыста сөйлеген сөзінде біржақты мәжбүрлеу шаралары мен санкциялардың Иран халқы, әсіресе науқастар үшін жойқын салдарына баса назар аударды.
Ол бұл әрекеттердің кең ауқымды зардаптары мен қарапайым азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсерін атап, мұның халықаралық құқық аясында қарастырылуы тиіс екенін баса айтты. Иран өкілі аса ауыр халықаралық қылмыс жасағандарды соттау қажеттігіне тоқталып, үкіметтің “Халықаралық қылмыстар туралы” заң жобасын мақұлдап, Мәжіліске жолдағанын айтты.
Аббас Бақерпур Палестинадағы жағдайға арнайы тоқталып, Палестина халқына қарсы жасалған қылмыстардың, соның ішінде жалғасып жатқан геноцид саясатының адамзаттың ар-ұжданына сызат түсіргенін мәлімдеді.


















