Америка басшылары Солтүстік-оңтүстік дәлізіне қатысты өзгерістерді бақылап, осы бағытта Иран рөлінің артқанына алаңдап отырғандарын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран мен Ресейді Еуропа мен Оңтүстік Азия арасындағы негізгі байланыстырушы буынға айналдыратын Солтүстік-Оңтүстік Халықаралық дәлізінің маңызды геосаяси өлшемге ие болғаны соншама, Америка Құрама Штаттары онымен байланысты барлық процесті мұқият бақылап отырғанын ресми түрде жариялады.
Олардың айтуы бойынша, осы дәліз Иран мен Ресейге салынған санкциялардың әсерін азайтып, аймақтағы ықпал теңгерімін өзгерте алады.
Америкалық News week басылымы сараптама материалдында былай деп жазды: «Солтүстік-оңтүстік дәлізі Батыстың Иран және Ресеймен қақтығысында стратегиялық түйткілге айнала алады. Бұл бағыттан бұрын Ресейдің басты экспорты Қара теңіз бен Суец каналы және Қызыл теңіз бағыттары арқылы жүзеге асырылды. Бұл Батыстың қысымына қарсы ұзақ әрі осал бағыт саналады. Бұл дәліз Ресей өз жүк тиелімдерін Иран желісі арқылы Үндістан мен Азияның батысындағы басқа елдерге жеткізу үшін балама бағыт бола алады».
Айта кетейік, дәліздегі жетіспейтін буын болып саналатын Рашт-Астара темір жолы бұл жоспарда маңызды рөл атқарады. 162,5 шақырымдық бұл теміржол бөлігі Ресей теміржол желісі мен ашық теңіз жолдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз етеді.












