Газада атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңінде өз міндеттемелерін орындамаған сионистік режим ХАМАС-ты қарусыздандыруды көздеуде.
Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар кеше жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Газаны қалпына келтіру және жарқын болашақ құру ХАМАС қарусызданған кезде ғана жүзеге асады» деген уәж айтты. Ол сөзінің жалғасында «ХАМАС ешқашан қаруын жерге қоймайды, керісінше Газада билігін тұрақтандыруды көздеуде. Біз мұны қабылдамаймыз» — деді.
Израильдің Қаржы министрі Безалел Смотрич те жуырда Газадағы соғыс әлі аяқталмағанын, шынайы сынақ жасалған келісімдердің жүзеге асырылуында деген болатын.
Израиль Газада жасалған келісімдегі өз міндеттемелерін орындамағанына қарамастан Смотрич: «ХАМАС толығымен қарусызданғанға дейін Газаны қалпына келтіруге рұқсат бермейміз» — деді.
Ол Газа соғысын тоқтату келісімінің қайта қайта бұзылуына тоқталмастан: «ХАМАС-тың қарусыздануы мен оны тарату — Газаны қалппына келтірудің негізгі шарты. Бұл шартты айналып өтуге жасалған кез келген талпыныс қабылданбайды» — деді.
ХАМАС басқыншылық жалғасып жатқан кезде қаруын тастамайтынын сан рет қуаттады.
ХАМАС Газа келісіміндегі өзінің барлық міндеттемесін орындады.












