Иранның Ормұз аралы жауын-шашыннан кейін қызыл түске боялды.
Бұл таңғажайып құбылыс бірден әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтер соңғы жауған жауын-шашынның аралдың ландшафтын қызыл түске бояғанын айқын көрсетеді.
Британдық The Telegraph басылымы Ормұз аралының суы бір түннің ішінде қызыл түске айналғанын жазды. Франциялық БАҚ, соның ішінде 20 Minutes басылымы мен France info радиостанциясы бұл құбылысты таңғаларлық оқиға деп сипаттап, бейнежазбалар мен суреттерді жариялады.
Ал үндістандық NDTV телеарнасы да бұл оқиғаны таңғажайып көрініс деп атап, Ирандағы Ормұз аралы бүкіл әлемнің назарын аудартқанын жазды.











Discussion about this post