Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи америкалықтарды әлемді алдамауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи америкалықтардың Иранмен келіссөзге әзірліктері туралы уәждеріне реакция білдіріп: «Дипломатияға қол созу бомба лақтырғыш ұшақ жіберіп, кейін олардың сәтсіздіктерін жетістік ретінде көрсететін мағынаны білдірмейді. Әлемдіктерді алдауға талпынудың орнына шынайы, абыройлы дипломатияға бет бұрыңдар!» — деді.
Сейед Аббас Арақчи БҰҰ-дағы Америка өкілінің кеңесшісі Морган Ортагустың сөзіне реакция білдіріп: «АҚШ-ның дипломатия туралы жаңа анықтамасы мынадай: «Біз мағыналы келіссөзге дайынбыз, бірақ өздеріңнің халықаралық деңгейде танылған құқықтарыңды ұмытыңдар!» Бұл келіссөз емес, таңу, мағыналы келіссөзден садаға кетсін!» — деп жазды.
Еске салайық, БҰҰ-дағы Америка өкілдігінің кеңесшісі Морган Ортагус кеше кешке Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: » Америка ресми келіссөздерге әзір, бірақ Иран уран байытуды толығымен қойып, тікелей келіссізге келіскен жағдайда ғана», — деді.
Арақчи соның сөзіне орай: «Біз келіссөз өткізіп жатқанда АҚШ біздің халқымыздың бетіне от шашуға, дипломатияны бұзуға шешім қабылдағанына әлем куә болды. Біз де әрдайым жасайтын ісімізді жасадық: Бізге шабуылдағандардың быт-шытын шығардық. Істегендеріне өкінетіндей іс жасадық.
Биыл Иран мен Америка арасында жанама келіссөздер өтті. Оның алтыншы кезеңі 15 маусымда Масқатта өтетін болған. Соған екі күн қалғанда, яғни 13 маусымда күні сионистік режим Иранға шабуыл жасап, содан кейін Америка да осы режимге еріп, Иранның бейбіт сипатты ядролық нысандарын бомбалады.
Дипломатияға қол созу бомба лақтырғыш ұшақ жіберіп, кейін олардың сәтсіздіктерін жетістік ретінде көрсететін мағынаны білдірмейді. Әлемдіктерді алдауға талпынудың орнына шынайы, абыройлы дипломатияға бет бұрыңдар!» — деді.
БҰҰ- дағы Иранның тұрақты өкілі Амир Сейед Иравани да кеше кешке Ортагустың мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Біз әділ және мағыналы кез келген келіссөзді құптаймыз. Дегенмен «Уран байытуды толығымен тоқтату» деген саясатты қуаттау — Иранның Ядролық қаруды таратпау келісімінің мүшесі ретінде ие құқығына толық қайшы. Бұл қатынас олардың әділ келіссөзді қаламайтынын, керісінше өздерінің бұрыннан анықталған ниеттерін Иранға таңу екенін көрсетеді. Иран не қысым немесе қорқытудың алдында бас имейді, не халықаралық аренада өзін бопсалатуға жол бермейді», — деді.












