Сионистік режим Иранның баллистикалық зымырандарын «шағын атом бомбалары» деп атады.
Жуырдағы соғыс барысында Иранның ядролық өнеркәсібінің көзін жоюдағы өз мақсаттарына жете алмаған сионистік режим бұл жолы Тегеранның зымырандарын қатер етіп көрсетуге күш салуда.
Израильдің бір жауапты тұлғасы кеше бейсенбі күні егер Америка Иранның баллистикалық зымырандары бағдарламасын тоқтату үшін келісумге қол жеткізе алмаса, Иранмен әскери қарсыласуға мәжбүр болуы мүмкін екені туралы уәж айтты.
Сионист басшы Yedioth Ahronoth газетіне Иранның баллистикалық зымырандарының қатері өте шынайы деп атап, көп зымыран Израиль жаққа атылса, шағын атом бомбасы сияқты шығын келтіреді ддеген уәж айтып, Иран зымырандарының өте қауіпті деп атап: «»Нетаньяху жуырда осы салада Трампқа маңызды мәлімет ұсынады» деді.
Израиль Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды басшылары дүйсенбі күні Иранмен қайтадан соғыс Тель-Авивтің қауіпсіздік қызметтеріне ондаған миллиард «шекел» (шамамен үштен бір долларға) шығын келтіретінін мойындады.
Олардың айтуынша, егер Иран ықтималды соғыста басып алынған Палестинаға зымыранмен ауқымды шабуыл жасаса, Израиль үкіметі ғимараттарға келтірілген зарар үшін миллиардтаған шекел өтемақы төлеуге мәжбүр болады.
Иврит тіліндегі БАҚ жариялаған шектеулі суреттер Иранның зымыранмен шабуылдары Тель-Авивтегі Кирия ауданына айтарлықтай зиян келтіргенін көрсетеді.
Израиль дереккөздерінің мәліметі бойынша, бұл зарадап кейбір көршілерс тұрғын үйлер мұнараларының толығымен қирауына әкеп соқтырған.
Сионистік режимнің «Израиль 24» арнасы жақында бір материалында «Да Винчи» люкс мұнараларына келтірілген зардаптың жаңа өлшемдерін жариялап: «Бұл мұнаралардың маңыздылығы олардың геосаяси орналасуында. Бұл құрылымдар Израиль армиясы бас қолбасшылығының штаб-пәтері Кирияға тікелей жақын орналасқан. Иранның зымыран жарылысы Да Винчи мұнарасына үлкен зиян келтірді» деп хабарлады.
«Маарив» газеті «мұнараны енді қалпына келтіру мүмкін емес және оны толығымен қайта салу керек» деп хабарлады.
Еврей тіліндегі «Wala» веб-сайты да Израиль қауіпсіздік қызметінің өкіліне сілтеме жасап: «Израиль армиясы Иранның баллистикалық зымырандарын жойып, елдің барлық әскери-өнеркәсіптік орталықтарын қиратуда табысқа жете алмады. Иранның зымыран өндірісі цикліне оралғанымен Тегеран «әлі көздеген көлемге жете алмады» деп мәлімдеді.
Сионистік басшының айтуынша, Иран қазіргі уақытта зымыран өндірісі орталықтарын өте кең көлемде нығайтуға назар аударып отырғанымен бағалаулар олардың бұл жолда қиындықтарға тап болатынын көрсетеді.
Израиль қауіпсіздік қызметінің бағалауларына сәйкес, Иран майданы ең қауіпті майдан болғанымен, Ливан майданы шұғыл қақтығыс үшін ең дайын майдан саналады.












