Венесуэла қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерін еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес Америка Құрама Штаттары қарулы күштерінің операциясы кезінде қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерін еске алу мақсатында елінде жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялағанын мәлімдеді.
Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес: “Мұнда соғыс жоқ, себебі біз соғыс жағдайында тұрған жоқпыз. Біз — шабуылға ұшыраған бейбіт елміз. Біз бейбітшілік жолымен жүруді жалғастырамыз. Бүкіл венесуэлалық халық ұлттық бірлікте. Болашағымыз үшін еңбек етіп, тарихымыз бен қадір-қасиетімізді қорғай отырып, бәріміз бірге төтеп берейік”, -деді.
Венесуэла күштік құрылымдарының кем дегенде 24 қызметкері, сондай-ақ 30-дан астам кубалық әскери қызметші америкалық рейдтің салдарынан қаза тапты. Операция барысында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, АҚШ-қа жеткізілді.
Николас Мадуро мен оның әйелі Силиа Флорес Нью-Йорктегі алғашқы сот отырысында өздеріне тағылған кінәні мойындаған жоқ. Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флореске есірткі терроризмі мен кокаин тасымалы және заңсыз қару-жарақ саудасымен байланысты айып тағылды.
Айта кетейік, Кубада Америка Құрама Штаттары қарулы күштерінің операциясы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін 5-6 қаңтар аза тұту күндері болып жарияланды.




















