Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Иранның ішкі істеріне сырттан қол сұғудың кез келген түріне қарсы екенін мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Тахир Хоссейн Андраби елінің принциптік ұстанымын қайталап, Иран Ислам Республикасының ішкі істеріне қатысты кез келген сыртқы араласу әрекеттерді айыптады.
Андраби сөзінде Исламабадтың аймақтағы жағдайды жіті қадағалап отырғанын және мемлекеттік егемендіктің қатаң сақталуын жақтайтынын атап айтты.
Тахир Хоссейн Андраби Пәкістанның сыртқы саясаты басқа мемлекеттердің тәуелсіздігіне құрмет көрсетуге негізделгенін қуаттап: “Біз Иранның ішкі мәселелеріне қатысты кез келген сыртқы араласуға қарсымыз. Сонымен қатар, Пәкістан ешқашан басқа елдердің ішкі істеріне қатысты пікір білдірмейді және оған араласпайды”,- деді.
Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ирандағы тұрақтылықтың аймақ үшін маңыздылығына тоқталып, Пәкістанның Тегеранға қарсы сыртқы агрессияның кез келген түрін айыптайтынын баса айтты.
Сонымен қатар Тахир Хоссейн Андраби Исламабад ұстанымының өзгермейтінін айтып: “Пәкістан көршілес мемлекеттердің ішкі саясатын бағалаудан бас тартып қана қоймай, үшінші күштердің де мұндай әрекеттеріне белсенді түрде қарсы. Біз басқа елдердің, әсіресе Иран Ислам Республикасының істеріне кез келген шетелдік араласуға үзілді-кесілді қарсымыз”,- деді.



















