Израильдің «12-арнасы» басып алынған аймақтардың тұрғындары соғыс ықтималдығынан туындаған абдырау салдарынан өте ауыр жағдайда екенін хабарлады.
Аталған телеарнаның хабарлауынша, қарама-қайшы мәлімдемелер мен хабарламалардың аясында қазіргі ең басты мәселе — белгісіздік. Израильдің ішкі майданында тұрғындар басып алынған аумақтардың ішіне жасалуы мүмкін шабуылдарға дайындалуды жалғастыруда. Олардың кейбіреулері қаттырақ алаңдаса, кейбіреулері сабырлық танытуда.
Бағдарламада: «Жалпы алғанда, бұл жағымсыз сезім. Ертең не болатынын білмей, осылай сабылып жүру өте жайсыз», — деп айтылды.
Соңғы күндері бомбадан қорғанатын панаханаларды ашу туралы шешімге Димона, Кирят-Гат, Ашкелон, Беер-Шева, сондай-ақ Кфар-Сава қалалары да қосылды.












