Ирандағы наразылық білдірушілер арасындағы «жаппай құрбандар» туралы мәлімдемелер сенімсіз дереккөздерінен алынған.
Ирандағы наразылық білдірушілер арасындағы «жаппай құрбандар» туралы мәлімдемелер сенімге лайық емес. Бұл туралы мәліметтерді «Ирандағы адам құқықтары орталығы» тобы жариялауда. Ирандағы адам құқықтары орталығы Иранда емес, Нью-Йоркте орналасқан.
Бұл ирандық топ па? Жоқ. Бұл топ Вашингтондағы Орталық барлау басқармасына (ОББ) жақын «Ұлттық демократияны қолдау қоры» (NED) және соған байланысты дезинформацияға маманданған органдар тарапынан қаржыландырылады.
Оны Иран халқы басқара ма? Жоқ. Төрайымы — көп жыл бойы Қытайға қарсы науқан жүргізген америкалық әйел Минки Уорден. Ол Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы «Геноцид Олимпиадасы» деп өзгертуге тырысқанымен онысы сәтсіздікке ұшырады.
Бұған дейін Уорден ханым NED қаржыландыратын Гонконгтегі демократиялық қозғалыспен тығыз жұмыс істеген, ал оның күйеуі Apple Dailyдің кеңесінде болған және Пентагонмен келісімшарт жасасқан.
Иә, АҚШ-тың бүкіл әлемдегі режимді өзгерту операциялары осыншама бір-бірімен астасып кеткен.
Ирандағы жаппай наразылықтар мен өлім-жітімнің көптігі туралы күмән тудыратын оқиғалардың келесі бір негізгі көзі — «Адам құқықтарын қорғаушылардың ақпараттық агенттігі» (HRANA). Бұл да АҚШ-тың NED қоры қаржыландыратын дезинформация орталығы.
















