Тәжікстан аумағына Ауғанстан шекарасы арқылы заңсыз кірген төрт қарулы лаңкестің көзі жойылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, тәжік-ауған шекарасында Ауғанстан тарапынан шекараны кесіп өтпек болған лаңкестер мен тәжік шекарашылары арасында қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, лаңкестік ұйымның төрт қарулы мүшесі 18 қаңтарға қараған түні Ауғанстанның Бадахшан провинциясы арқылы Тәжікстанның Хатлон облысы аумағына заңсыз өткен.
Хабарламада көрсетілгендей, лаңкестер тәжікстандық шекарашылардың берілу туралы талаптарына бағынбай, қарулы қарсылық көрсеткен.
Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің мәлімдемесінде: “Қарулы қақтығыс барысында Шамсиддин Шохин ауданындағы шекара бекетінде төрт лаңкестің көзі жойылды. Оқиға орнынан 3 Калашников автоматы, 1 шетелдік винтовка, 6 оқпан, АК және тапаншаларға арналған 183 оқ, 3 ұялы телефон, 1 радиоқабылдағыш және 1 қайық тәркіленді”, — деп жазылған.
Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадағы жағдай толық бақылауда.



















