Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф елінің Иран үкіметі мен халқын қолдайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Шахбар Шариф бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкианмен сұхбатта айтты.
Иран президенті Масуд Пезешкиан Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен сұхбатта: «Иранда соңғы күндері орын алған оқиғалар — Америка мен сионистік режимнің 12 күндік соғыстағы сәтсіз әрекеттерінің жалғасы. Исламдық Иран өзінің даңқты жолын бұрынғыдан да зор айбынмен жалғастыра береді», — деді.
Шахбаз Шариф: «Біз Ирандағы соңғы оқиғаларды жіті бақылап отырдық. Пәкістан әдеттегідей өзімен дос әрі бауырлас елдің қасында тұр. Біз аймақтағы шиеленісті азайту және мәселелерді шешу жолында өз үлесімізді қосуға толық дайынбыз.
Иранның ұлы халқы өзінің дана әрі көреген басшыларының жетекшілігімен алдарында тұрған қиындықтарды нық сеніммен, жеңіспен және абыроймен еңсеретініне сенімдіміз», — деді.












