Әзербайжан Тәжікстан үшін транзиттік және логистикалық торап ретінде ерекше маңызға ие болуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы “Әзербайжан және әлем” бағдарламасының кезекті шығарылымында тәжікстандық халықаралық қатынастар және геосаясат жөніндегі сарапшы Гузел Майтдинова мәлімдеді.
Гузел Майтдинованың айтуы бойынша, Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық жағдайында және оңтүстік сауда бағыттарына қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты Оңтүстік Кавказдың рөлі айтарлықтай артып отыр.
Сарапшының сөзінше, Әзербайжан арқылы Тәжікстан Батыс Азия нарықтарына, Жерорта теңізі бассейні елдеріне және Еуропаға шығу мүмкіндігіне ие болады.
Гузель Майтдинова: “Душанбе бұл факторды жете түсініп, жоғары бағалайды. Бұл өз кезегінде екіжақты серіктестікті одан ары нығайтуға негіз болады”,- деді.




















