Ресей, Қытай Халық Республикасы және Иранның әскери-теңіз күштері Үнді мұхитында “Теңіз қауіпсіздігі белдеуі” атты бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуларын өткізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран, Ресей және Қытай Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде сегізінші рет өтетін “Теңіз қауіпсіздігі белдеуі” атты бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын ақпан айының соңында өткізеді. Оқу-жаттығуларына Ресей әскери теңіз күштерінің кемелері, Қытай халық-азаттық армиясының әскери теңіз күштерінің кемелері және Иран әскери теңіз күштерінің кемелері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері қатысады.
Бұл оқу-жаттығулар халықаралық теңіз саудасының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Иран, Ресей және Қытайдың әскери-теңіз күштерінің бірлескен әскери-теңіз жаттығуларына қарақшылыққа, теңіз терроризміне қарсы күрес операцияларын жүргізу кіреді.
Айта кетейік, “Теңіз қауіпсіздігі белдеуі” атты бірлескен әскери-теңіз жаттығулары 2019 жылдан бері Иран әскери теңіз күштерінің бастамасымен өткізіліп келеді. Үш елдің бірлескен оқу-жаттығулары өткен жылы наурыз айында өтті.
















