Иран мен АҚШ Женевадағы келіссөз барысында бұған дейінгі келіссөздер кезеңдерімен салыстырғанда жақсы ілгерілеушілікке қол жеткізілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кездесуден кейін мәлімдеді.
Аббас Арақчидің айтуы бойынша, тараптар маңызды әрі салмақты келіссөз жүргізген.
Министр Арақчи Тегеран мен Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ықтимал келісім мәтінімен жұмыс істейтінін, кейін келесі келіссөздер кезеңінің күнін белгілейтінін атап айтты.
Министр бұл жағдай тараптар жақын арада келісімге келеді дегенді білдірмейтінін, алайда алдағы келіссөз негізіне айналатын бағдар беруші қағидаттар бойынша ортақ мәмілеге келгенін мәлімдеді.
Арақчи келісім мәтінін әзірлеу оңай міндет емес екенін де баса айтты.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ кеше, сейсенбі, 17 ақпан күні Женевада Оман араағайындығымен келіссөздердің екінші кезеңін өткізді. Алдыңғы келіссөздер кезеңі 6 ақпан күні Оманда өткен болатын.



















