Ирак астанасы Бағдаттың бір ауданынан радиациялық ластану табылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Ирактың ядролық, радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау жөніндегі ұлттық органы мәлім етті.
Ирактың ядролық, радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау жөніндегі ұлттық органы Бағдаттың бір ауданынан радиациялық ластану табылғанын хабарлап, тазарту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде тазарту операциясын Ирактың Атом энергиясы жөніндегі комиссиясы, Радиациялық қалдықтар және ядролық қондырғыларды залалсыздандыру басқармасы жүргізіп жатқаны айтылған.
Ирактың ядролық және радиациялық төтенше жағдайлар басқармасының директоры Мұхаммед Жассем Мұхаммедтің айтуынша, далалық іс-шаралар аясында нысан оқшауланып, ескерту таспаларымен қоршалған. Сондай-ақ, аймаққа тек рұқсаты бар мамандар ғана кіре алады.














