Иран мен Америка Құрама Штаттары делегациялары келесі аптадан бастап Венада техникалық кеңесуді бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мәлімдеді. Арақчи Иран телеарнасының тікелей эфирінде: “Техникалық топтар кеңесуді дүйсенбі, 2 наурыздан бастайды”, — деді.
Министрдің айтуынша, консультациялар Венадағы Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің (АҚХА) штаб-пәтерінде өтеді.
Арақчи сондай-ақ, Иран тарапы Тегеранға қарсы санкцияларды алып тастау мәселесіне қатысты өздерінің нақты талаптары мен ұстанымдарын АҚШ-қа мәлімдегенін айтты.
Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен АҚШ арасындағы консультациялардың үшінші кезеңі кеше, бейсенбі күні кешке Женевада аяқталды.
Женевадағы келіссөздер алғаш рет екі кезеңде өтті. Тараптар келіссөзді таңертең бастап, түстен кейін кеңесу үшін үзіліс жасап, кешке талқылауды жалғастырды. Жалпы, үзілісті есептемегенде, келіссөз шамамен бес сағатқа созылды.
Иран мен АҚШ Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздің үш кезеңін өткізді. Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи, ал америкалық делегацияны АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф бастап барды. Қазіргі уақытта тараптар ықтималды келісімге қатысты ұсыныстармен жұмыс жүргізуде.


















